Қараша айында «Қозғалыс белсенділігі - мидың дамуының негізі» семинары өтті.
Семинардың мақсаты:
Қозғалыс белсенділігінің балалар мен ересектер миының дамуына қалай әсер ететінін көрсету, сондай - ақ назарды, есте сақтауды және эмоциялық реттеуді жақсартуға көмектесетін қарапайым практикалық құралдар беру.
Сонымен қатар «Үйде координацияны қалай дамытуға болады» атты консультация өтті.
Консультацияның мақсаты:
Арнайы құрал - жабдықсыз және күрделі бағдарламаларсыз үй жағдайында координацияны дамытатын жаттығулар мен әдеттерді түсінуге көмектесу.
Консультация барысында қатысушылардың деңгейі талданып, жеке жаттығулар таңдалды және координацияны үйде жеңіл, қауіпсіз және тиімді түрде қалай жаттықтыру керектігі көрсетілді.